KitchenAid KCBSX 60600 Bedienungsanleitung Seite 11

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 10
11
Қосылу
Құрылғыны қуат көзіне алғаш қосқанда, ол
барлық белгілер мен дисплейлерді 3 рет
жыпылықтату арқылы тексеріс жасайды. Содан
кейін тек түймесі істеп тұрады және төменгі
есік ашылып жабылады. Бұл кезде тез
тоңазытқыш “күтілім” тәртібінде болады.
Шыңылдап дыбыс шығаратын түймесін
басып ұстап тұру арқылы тез тоңазытуды
“күтілім” тәртібінен “дайын” тәртібіне
ауыстырады, “Жұмсақ” айналымы әдепкі қалып
бойынша көрсетіліп тұрады. Бұл жерде,
керегінше, басқа да айналымдарды таңдауға
болады және де дисплей тақтасы таңдалған
қызметті бастап кетуге дайын болады.
Маңызды! Құрылғыны қуат көзіне қосарда және
түймесін басар алдында төменгі есіктің
ашылуына кедергі келтіретін бөгеттердің жоқ
екенін тексеріңіз. Ол автоматты түрде ашылып,
ауаның дұрыс айналымына жол ашады және
|ЖАБЫЛМАУЫ ТИІС. (сурет 4)
Ол таңдалған айналымның соңында автоматты
түрде жабылады,тез тоңазытуды “күтілім”
тәртібіне қайтару үшін түймесі басылады.
Салқындату алдында
Ыстық тағамдарды ішкі камераға салмас бұрын
оны алдымен салқындатып алған дұрыс. Бұл
шара төмендегідей жасалады:
1. “Қатаң” тез тоңазыту айналымын
түймесін басу арқылы таңдаңыз.
2. Құрылғының есігі мықтап жабылған, ішкі
камера бос және оның ішіндегі төменгі
ағызбаның тесігі тығындалғанына көз
жеткізіңіз. Бос түрде айналым жасау үшін
түймесін басыңыз.
3. Басталғанына 15 минут болғанда
түймесін басып ұстап тұру арқылы
айналымды тоқтатыңыз.
4. Салқындатып алған соң тағамды тез тоңазыту
немесе тез мұздату үшін қажетті айналымды
таңдайсыз.
Айналымды таңдау
Қажетті айналымды таңдаңыз:
Машина жүріп тұрған кезде, “дайын” тәртібінде,
қалаған айналымды басыңыз. Түйменің шамы
үздіксіз жанып қосылады және 4-ші дисплей
айналымның таңдалған түрін көрсетеді (HAr =
Қатаң /SoF = Жұмсақ /
FrE = Мұздату), ал 5-ші дисплей болса айналым
аяқталғандағы
тағамның температурасын көрсетеді (3 = 3°C
Қатаң және Жұмсақ үшін / -18 = -18°C Мұздату
үшін).
Жұмыс істеуі
Сурет 4
Seitenansicht 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare