
15
Маңызды! Жібіту барысында пайда болған су
мөлшерінен артық су АҒЫЗБАҢЫЗ. Кейінгі
тазалауды ағызбаны жауып жасаңыз.
Ө
ңделетін тағамның гигиенасы мен қасиетінің
қорғанысын қамтамасыз ету үшін камераның
ішін жібіту барысынан кейін тазалау қажет.
Камераның және ішкі бөлшектерінің пішіні
о
лардың жуылуына кедергі емес; жуған кезде
жұмсақ матаны немесе ысқышты және жұмсақ
жуғыш затты қолдануды ұсынамыз.
Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды
немесе тот баспайтын болаттың бетін жөндеуге
келмейтіндей етіп зақымдай алатын агрессивті
заттектерді қолдануға кеңес бермейміз.
Жуғаннан кейін камераның ішін мұқият шайып,
құрғатып алған дұрыс.
КОНДЕНСАТОРДЫ ТАЗАЛАУ
Маңызды! Күтіп ұстау шараларын атқармас
бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
Конденсатор қабырғаларында жиналатын кір мен
шаңды кетіру үшін айына бір рет тазалауды
ұсынамыз.
Төменгі қақпақты көтеріп оны 90° (7 сурет) бұру
арқылы конденсаторға жетуге болады.
Маңызды! Конденсатор қабырғалары өте
жіңішке болады. Оларды тазалау үшін щетканың
қылдарын қабырғалардың бойымен жүргізе
тазалаңыз немесе айналаны шаңдатпау үшін
шаңсорғышты қолданып тазалаңыз. Егер
олардың арасы май болса, алкогольке малынған
щетканы пайдаланыңыз.
Маңызды! Беттерін өткір немесе абразивті
заттармен қырмаңыз.
Тазалау кезінде әрқашан қорғаныс қолғаптарын
киіңіз.
БУЛАНДЫРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Маңызды! Күтіп ұстау шараларын атқармас
бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
Тез тоңазытқыштың дұрыс әрі өнімді жұмыс
жасауы үшін буландырғышты таза ұстау қажет,
сонда ауа айналымы бөгелмейді.
Буландырғышқа жету үшін камераның ішіндегі
қорғаныс торын (8 сурет) ұстап тұрған 6
бұранданы бұрап алып тастаңыз.
Сурет 7
Сурет 8
Қорғаныс
торы
Kommentare zu diesen Handbüchern