
5
* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді
Басқару Панелі
Fresh control (Балғын күйде сақтау)
Құрылғы автоматты түрде оңтайлы ішкі сақтау температурасына жылдам жетеді. Бұл функция сондай-
ақ аспаптың ылғалдылығын басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта дұрыс жұмыс істеуі үшін,
желдеткіш те іске қосулы болуы тиіс. Функцияны іске қосуға/өшіруге болады (Желдеткіш сипаттамасын
қараңыз).
Желдеткіш*
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ
сақталуына және артық ылғал төмендетуге мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде, желдеткіш қосулы
болады. Желдеткішті және пернелерін 3 секунд басу арқылы қосуға/өшіруге болады. Егер
желдеткіш қосылса, дисплейдің шамы жыпылықтайды да, бір рет дыбыстық белгі беріледі және егер
желдеткіш өшірілсе, дисплейдің шамы жыпылықтайды да, екі рет дыбыстық белгі беріледі. Егер
қоршаған ортаның температурасы 27°C артса немесе әйнек сөрелерінде су тамшылары пайда болса,
тағамдардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ету үшін желдеткішті қосу қажет. Желдеткішті өшіру
қуаттың тұтынылуын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Ескертпе: қуат үзілгеннен кейін немесе құрылғыны өшірген соң желдеткіш автоматты түрде қайта іске
қосылады. Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Бактерияға қарсы сүзгі*
Оны Жеміс және Көкөніс сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан жәшіктен шығарып, желдеткіш
қақпағына орнатыңыз. Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
On/Stand-by (Қосу/Kүту)
Аспапты өшіру үшін
түймесін 3 секунд басыңыз (Күту режимінде дисплейде екі үзік сызық
жарықтанады). Құрылғыны қайта іске қосу үшін, түймешікті қайтадан тез басыңыз.
Ескертпе: Бұл құрылғыны қуыт көзінен ажыратпайды.
Температура дисплейі
Дисплей тоңазытқыш бөлімінің температурасын (2°C және 8° C аралығы) немесе мұздатқыш бөлімінің
температурасын (-16°C және -24°C аралығы) кезекпен көрсетуі мүмкін.
Тоңазытқыш бөлімінің температурасы
түймесінің көмегімен әр түрлі температураны орнатуға болады.
Fast Cool (Жылдам салқындату)
Тоңазытқыш камераға жас тағамның үлкен мөлшерін салардан бұрын түймесін басыңыз.
Функция қосылған кезде, белгішесі көрсетіледі. Функция 6 сағаттан кейін автоматты түрде немесе
түймесін басқаннан кейін өшеді.
Дыбыстық дабылды өшіру
Дыбыстық дабылды өшіру үшін, түймеcін сәл басыңыз.
Мұздатқыш бөлімінің температурасы
түймесінің көмегімен әр түрлі температураны орнатуға болады.
Kommentare zu diesen Handbüchern