ФУНКЦИЯНЫ ТАҢДАУ ТЕТІГІ
0
OFF (СӨНДІРУ)
Пісіруді аяқтау және пешті сөндіру үшін.
LAMP (ШАМ)
Пештің ішкі шамын қосу/сөндіру үшін.
SPECIAL FUNCTIONS (АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАР)
ШАРЛАУ ТЕТІГІ
DEFROST
(ЖІБІТУ)
Тағам жібітуді жылдамдату үшін. Тағамды сөренің ортасына қойыңыз.
Тағамның сыртқы жағы кебір болып кетпеу үшін орамынан алмаңыз.
KEEP WARM
(ЖЫЛЫ ҰСТАУ)
Жаңа ғана піскен тағамды (мысалы, ет, қуырылған тағам немесе флан)
ыстық және қытырлақ күйде ұстауға арналған. Тағамды сөренің ортасына
қойыңыз. Пештің ішіндегі температура 65°C градустан жоғары болса,
функция іске қосылмайды.
YOGURT
(ЙОГУРТ)
Үйде йогурт дайындауға арналған. Шағын фарфор сауыттарды немесе
алюминийден жасалған пісірме тостақтарды пайдаланыңыз.
Пісіру барысында алюминий жұқалтырмен жабыңыз. Сауыттар қойылған
май жинайтын табаны 1-ші сөреге қойыңыз. Пешті алдын ала қыздырудың
қажеті жоқ.
RISING
(ТЫНДЫРУ)
Тәтті немесе қышқыл қамырды көтеруге арналған. Қамырды 2-ші сөреге
қойыңыз. Пешті алдын ала қыздырудың қажеті жоқ. Тындыру сапасы жақсы
болуы үшін пісіру циклынан кейін пеш әлі де ыстық тұрса функцияны
қоспаңыз.
SLOW COOKING MEAT
(ЕТТІ БАЯУ ПІСІРУ)
Бұл функция етті 90°C градуста баяу пісіреді. Бұл функция тағамды
былбыратып, сөлін сақтап пісіретін баяу пісіру циклын ұсынады. Ет кесегін
қуырған кезде еттің табиғи сөлін сақтау үшін әуелі кәстрөлге қызартып
алыңыз. Пісіру уақыты 1 кг ет үшін 4 сағаттан бастап, 3 кг ет кесегі үшін 6-7
сағатқа созылуы мүмкін. Тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін тағам пісіру
барысында пештің есігін ашпаңыз, еттің ішкі температурасын тексеру үшін
тағам пісіру термометрін пайдаланыңыз.
SLOW COOKING FISH
(БАЛЫҚТЫ БАЯУ ПІСІРУ)
Балықты 85°C градуста баппен пісіреді. Бұл функция тағамды былбыратып,
сөлін сақтап пісіретін баяу пісіру циклын ұсынады. Төмен температураның
арқасында тағамның сыртқы жағы қызармайды және соңғы нәтиже бумен
пісіру нәтижесіне ұқсайды. Пісіру уақыты 300 г ет үшін 2 сағаттан бастап, 3
кг балық үшін 4-5 сағатқа созылуы мүмкін. Тамаша нәтижеге қол жеткізу
үшін тағам пісіру барысында, пештің қызуы тарап кетпеу үшін есігін
ашпаңыз.
ECO FORCED AIR
(ЭКО ЖЕЛДЕТКІШПЕН
ПІСІРУ)
Толтырмасы бар тағамдар мен ет кесектерін бір сөреде пісіруге арналған.
Бұл функцияда тағамның өте кебір болып кетуіне жол бермейтін, ара-тұра
қосылатын баппен желдету циклы пайдаланылады. Осы ECO function
(Үнемді функция) кезінде тағам пісіру барысында шам сөніп тұрады және
оны растау түймешігін басып қайта уақытша қосуға болады. Қуатты
барынша тиімді пайдалану үшін тағам пісіру барысында есікті ашпауды
ұсынамыз. 3-деңгейді қолдануды ұсынамыз. Пешті алдын ала қыздырудың
қажеті жоқ.
CONVENTIONAL
(ДӘСТҮРЛІ)
Кез келген тағамды тек бір ғана деңгейде пісіреді. 3-ші сөрені
пайдаланыңыз. Пицца, қышқыл бәліш және сұйық толтырмасы бар тәтті
тағамдарды пісіруге арналған, 1-ші немесе 2-ші сөрені пайдаланыңыз. Пештің
ішіне тағам салмай тұрып алдын ала қыздырыңыз.
CONVECTION BAKE
(ДӘСТҮРЛІ ПІСІРУ)
Сұйық толтырмасы бар ет және бәліштерді (қышқыл немесе тәтті) бір
сөреде пісіруге арналған. 3-ші сөрені пайдаланыңыз. Пешті тағам пісірудің
алдында қыздырыңыз.
FORCED AIR
(ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ)
Екі сөреде бір пісіру температурасын қажет ететін әр түрлі тағамдарды
(мысалы, балық, көкөністер, торт) бір уақытта пісіруге арналған. Бұл
функцияны әр түрлі тағамдардың иістерін бір-біріне сіңірмей пісіру үшін
пайдалануға болады. Бір сөреде ғана пісіру үшін 2-ші сөрені ғана
пайдаланыңыз. Екі сөреде пісіру үшін, пешті алдын ала қыздырғаннан кейін
1 және 4-ші сөрені пайдаланыңыз.
MAXI COOKING
(MAXI ПІСІРУ)
Еттің үлкен кесектерін (2,5кг-нан көп) пісіруге арналған. Ет кесегінің
мөлшеріне байланысты 1-ші немесе 2-ші сөрені пайдаланыңыз. Пешті алдын
ала қыздырудың қажеті жоқ. Етті барынша қызарту үшін пісіру барысында
аударуды ұсынамыз. Ет кеуіп кетпеу үшін ара-тұра май-сөлін үстіне құйып
отыру керек.
20
Функцияларды сипаттау кестесі
Kommentare zu diesen Handbüchern