KitchenAid KOSCX 45600 Bedienungsanleitung Seite 46

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 52
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 45
ЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ПІСІРУ
ЕЕТ (ТҰТАС СИРАҚ)
Пісірерден бұрын туралатын етті өлшеп алған
дұрыс.
Етті қапшықтың ішінде басқа құрамдастарды
қоспастан немесе əдеттегідей тұздап,
дəмдегеннен кейін пісіруге болады.
Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
еттің кесегін əдеттегідей бірнеше минут
табада қызарғанша қуыруға болады.
“Roast beef” (Қуырылған сиыр еті) сияқты
кейбір туралған ет тоңазытылған күйде жеуге
жарайды. Етті суық күйінде тілгіш аспаптың
көмегімен тураңыз да, қалағаныңызша
дəмдеңіз (сұйық май мен бұрыш немесе
қосалқы тұздықтар).
“lamb/veal loin” (қойдың/бұзаудың жон еті)
сияқты кейбір кесек етті сүйексіз пісіруге
болады. Қапшықты сүйекпен тесіп алмас үшін
тамақ дайындау кезінде аса наза аударыңыз.
БҰҚТЫРЫЛҒАН ТАҒАМ:
Тағамның сапасы барынша жақсы болуы үшін
əрқашан да бұқтыруға жарайтын ет кесектерін
пайдаланыңыз.
Əрқайсысы кем дегенде 3 см болатын ет
кесектерін пайдаланыңыз.
Негізгі рецепт:
Төмендегі рецепт бұқтырылған тағамның барлық
түрлері үшін қарапайым нұсқаулық пен негізгі
рецепт ретінде келтірілген:
250 г ет
30 г сəбіз (жұқалап туралған)
50 г картоп (текшелеп туралған)
80 г қызанақ
Татымына қарай тұз бен асшөптер
ЕТ (КЕСЕКТЕР):
Ет кесектерін (жон еті, оссобуко)
қалағаныңызша құрғақ немесе ылғал күйінде
(əр қапшыққа 80 - 100 г қызанақ қосып) пісіру
əдістерімен дайындауға болады. Егер арық
еттен дайындайтын болсаңыз, қапшыққа сұйық
тағам қосуды ұсынамыз.
Тағамның түпкі нəтижесі үшін ет кесегінің
қалыңдығының маңызы зор. Егер бекон сияқты
майлы етті пісіретін болсаңыз, тілімдерінің
қалыңдығы 2 см болуға тиіс.
ЖІЛІНШІК:
Қапшықты тесіп алмас үшін жіліншікті сүйексіз
күйінде пісірген жөн.
Егер үлкен жіліншікті (бұзау) пісіретін
болсаңыз, сүйегін алып, етін кесектеп
турағаннан кейін оны бірнеше қапшыққа бөліп
салу керек болуы мүмкін.
ҚҰС ЕТІ:
Тауықтың төс етін тұтас, кесіп немесе тіліп
пісіруге болады. Қалай турауды таңдасаңыз
да, қалағаныңызша құрғақ немесе ылғал пісіру
əдісін пайдалануға болады. Сондай-ақ төс
еттен қалта жасап, оған өзіңізге ұнаған
толтырманы (ветчина, ірімшік пен көкөніс
жапырағы) салып пісіруіңізге болады.
Сирақтарын сүйегімен немесе сүйексіз пісіруге
болады. Қапшықты тесіп алмас үшін
сүйектерінің үшкір ұштары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
еттің кесегін əдеттегідей бірнеше минут
табада қызарғанша қуыруға немесе қақтауға
болады.
Б
АЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ПІСІРУ
ҚОҢ ЕТІ НЕМЕСЕ ТІЛІМДЕРІ:
Балықтың қоң етін немесе тілімдерін құрғақ
пісіру əдісі бойынша немесе шамалы
дəмдеуіштер қосып пісірген жөн.
Қоң етін вакууммен пісірген кезде жақсы
нəтижеге жету үшін дұрыс келетін кесектерді
(300/400 г немесе одан артық) таңдаңыз.
Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
балықты əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
БАЛЫҚ (ТҰТАС):
Тұтас балықты пісірерден бұрын оны
(қабыршағы мен ішек-қарнын) жақсылап
тазалаңыз.
Тұтас балықты салу үшін қапшықтың көлемі
жеткіліксіз болса, оның басы мен құйрығын
алып тастаңыз.
Балықты құрғақ пісіру əдісі бойынша немесе
жеке татымыңыз бойынша сұйық тағам
(мысалы, сұйық май, кілегей, тұздық) қосып
пісіріңіз.
Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
балықты əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
ҰЛУ:
Ұлуды пісірердің алдында терісін, ішек-қарны
мен шеміршегін алып тастау арқылы
жақсылап тазалаңыз.
Сегізаяқ сияқты ірі ұлуларды кесектеп тураған
жөн. Оларды құрғақ пісіру əдісі бойынша
немесе жеке татымыңыз бойынша сұйық
(қызанақ, дəмдеуіштер, тұздықтар) пісіру
əдісімен пісіруге болады.
Вакууммен пісіріп, қапшықты алғаннан кейін
ұлуларды əдеттегідей бірнеше минут табада
қызарғанша қуыруға немесе қақтауға болады.
“Тілінген сегізаяқ немесе кальмар-иллекс
дөңгелектері” сияқты кейбір бөлінген түрлерін
тоңазытылған температурада, картоп, салат
немесе қалауыңызша басқа көкөністен қосып
жеуге болады.
ТЕҢІЗ ЖƏНДІКТЕРІ:
Тұтас теңіз жəндіктерін пісірерден бұрын
жақсылап тазалаңыз (ішек-қарнын алып
тастаңыз).
Қапшықты тесіп алмас үшін теңіз жəндіктерін
Пісіру мен дайындау бойынша кеңес
46
Seitenansicht 45
1 2 ... 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare